Ерте ортағасырлық кезең

Дәуір туралы

VII–IX ғғ. – ерте ортағасырлық кезең

Күлтөбедегі бұл кезең бекініспен қоршалған елді мекенмен ұсынылған.  Күлтөбеде ерте ортағасырлық тұрмыстық және қолөнер ғимараттары, тұрғын үй-жайлар және исламға дейінгі кезеңдегі қасиетті құрылыстарына ұқсас массивті құрылыстардың қираған үйінділері табылған.

Қалажұрттың шығыс бөлігінде IX–X  ғасырларға жататын 30-ға жуық үй-жайлар табылды.

Бұл үй-жайлар басты көшенің бойында орналасқан. Бұл бөлікте VII–IX ғасырларға жататын мәдени қабаттар ашылып, осы кезеңдегі бекініс қабырғаларының қалдықтары да кездесті.

Құрылымы осы тарихи кезеңге тән бірқатар ерекшеліктері бар ежелгі қыш ыдыстың табылуы ерекше болды.

Жалпы, осы кезеңде қаланың рухани, мәдени және саяси-әкімшілік орталығы ретінде әрі қарай дамуына барлық алғышарттар жасалды.

Артефактілер

Осы кезеңге жататын Күлтөбелік артефактілер өте қызықты және танымдық үлгілер болып табылады. Бұл салттық заттар, тиындар, көптеген керамика фрагменттері және басқалар болып табылады. Олардың ішінде Орталық Азияның аз зерттелген дәстүрлі графикалық өнерінің стилінде жасалған керемет бейнелері бар хош иісті түтін шығаратын аспап ерекше көзге түседі.

Артефакттар
Бадрабтан жасалған зерленген тақта
Балшық материалы
X–XI ғғ.
Сипаттамасы

Күлтөбе қалажұртында зерленген керамиканың шағын кешені табылған.  Бұйымдар ақ түсті ангоб үстінен зерленген диск  тәрізді табандығы бар әр түрлі көлемдегі керамикалық тостағандар. Бұл зерленген керамика кешені таңдаулы өрнектер мен үйлесімді түсімен ерекшеленеді.

Толығырақ
X ғасырдағы бадрабтан жасалған цилиндрлі хош иісті түтін шығаратын аспап
Балшық материалы
Х ғғ.
Сипаттамасы

Хош иісті түтін шығаратын аспап көлемі цилиндр тәріздес, жоғары жағы кеңейтіліп жасалған. Ыдыс биіктігі 11–11,5 см, табан диаметрі – 7,2 см, бұлғауыш диаметрі – 8,5 см, саңылау диаметрі – 1,1  см.

Хош иісті түтін шығаратын аспаптағы өрнек салу техникасы VII–IX ғғ. пайда болған «Қанғар керамикасына» тән. Хош иісті түтін шығаратын аспапта композиция бойынша жоғарыға көтерілген белгісіз аңдар суреті салынған.

Композиция идеясының «мәнін» түсіну болашаққа қалдырылды.

Толығырақ
Керамикалық «етік» түріндегі хош иісті түтін шығаратын аспап
Балшық материалы
X–XI ғғ.
Сипаттамасы

Тағы бірегей Күлтөбілік жәдігерлердің бірі керамикалық «етік» түріндегі хош иісті түтін шығаратын аспап. Ол қызыл-қоңыр ангоб және жылтыратқыш жағылған массивті конус тәрізді бұйым болып табылады.

Мамандар хош иісті түтін шығаратын аспап пішінін «аяқ/табан бейнесіне табынушылықпен» ежелгі діни түсінігімен байланыстырады. Шамамен, хош иісті түтін шығаратын аспап  X–XI ғасырға жатады.

Толығырақ
Бұхар-Худат кезеңіне жататын тиын
Күміс материалы
VIII–X ғғ.
Сипаттамасы

Күлтөбеде араб-соғды өрмек жазуы бар Бухар-Худаттық типтес күміс дирхемі табылды. Күлтөбелік дирхемнің бір бөлігінде араб тілінде «әл-Махди» жазуы бар, келесі бөлігінде соғды жазуы қаты зақымданып, көрінбейді.

Толығырақ
Түргеш қағанаты кезеңіне жататын тиын
Қола материалы
VIII ғғ.
Сипаттамасы

Осы жерде Түргеш қағанаты кезеңіне жататын тиындар табылды.  Тиындар қоладан құйылған және қазба жұмыстарында табылған ең құнды жәдігерлердің бірі болып табылады. Солардың ішінде VIII ғ. жататын тиындар бар. Бір жағында «Тақсыр Түргеш қаған», ал келесі жағында мөр-тамғаға ұқсас нашар көрінетін белгісі бар.

Бұл табылған зат қалажұрттың сауда орталығы, Шығыс пен Батыс халыұаралық қарым-қатынасының негізін салған Ұлы Жібек Жолының бір тармағы болғанының белгісі.

Толығырақ
Заман суреттері