Археологиялық артефактілердің ішіндегі құрамы мен алуан түрлілігі жағынан Күлтөбе керамикасының жиынтығы екрешелінеді. Ыдыстардың, хумдардың және әртүрлі керамикалық бұйымдардың біргей үлгілері – ежелгі қаңлылардан бастап Түркістан стилінің өркендеу дәуіріне дейінгі керамиканың көркемдік дәстүрлерінің сабақтастығын байқауға мүмкіндік беретін дүниетанымдық идеясын, көркемдік әдіс-тәсілдер жүйесін айқындайтын маңызды тарихи қайнар көз.
Қаңлы кезеңіндегі қыш ыдыс функционалды мақсатына сәйкес ас үй, тұрмыстық, асхана және салт-дәстүрлерде қолданытаны түрлеріне бөлінген. Бұл әртүрлі көлемдегі қыш құмыралар, қазандар мен саптыаяқтар, сонымен қатар суды тасымалдауға және сақтауға арналған көлемді хум мен құмыралар болған. Керамикалық салттық заттар хош иісті түтін шығаратын аспаптармен және едендегі құрбандық шалудың атрибуттарымен ұсынылған.
Күлтөбе қалажұртынан табылған заттар арасында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің декорына ұқсас керамикалық қаптама тақтайшалар бөліктері де бар. Қазіргі таңға дейін таңқалдыратын ежелгі технология және шикізат құрамы ежелгі шеберлерге әлемдегі ең берік керамика өндіруге мүмкіндік берген.
XIV-XVIII ғасырларда аймақтық құймалы керамиканың көркемдік –стильдік ерекшеліктері дамыған ең қызықты кезеңдерінің бірі болған. Осы кезеңде жаңа «керамикалық стиль» дами бастады. Оны «темірлік стиль» деп атаған. Оның негізінде Түркістан шеберлері құймалы керамиканың ақ-көгілдір үйлесімде оңай танылатын өзіндік стилін дамытты.