ЮНЕСКО түркістандағы күлтөбе қалажұртына қызығушылығын танытты

Түркістан. 21 қаңтар. ҚазТАГ - Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ЮНЕСКО) мамандандырылған мекемесі Түркістандағы Күлтөбе қалажұртына қызығушылық танытты, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Халықаралық сарапшылар, ғалымдар және әртүрлі ұйымдардың өкілдері дөңгелек үстел форматында Қ.А.Ясауи кесенесінің аймағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау мен ұсынудың маңызды мәселелерін талқылады. Болашақтағы археологиялық парктің өзегі болатынКүлтөбе қалажұртының жекелеген нысандарын сақтау және жартылай қалпына келтірумен ғылыми зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді. Соңғысы маңызды тарихи кезеңдердің призмасы арқылы аймақтың тарихы мен мәдениетіне көрініс беруге арналған», - делінген сейсенбі күні әлемдік мұра саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен дөңгелек үстел хабарламасында.

Ашық аспан астында археологиялық Күлтөбе қалажұрты парк-мұражай құру аясында ежелгі қалажұрты Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты зерттеулер жүргізіп жатыр.

«Өткен дөңгелек үстел - бұл жобаны жүзеге асырудағы төртінші жиын болып саналады. Бұған дейін Күлтөбе қалажұртындағы ғылыми зерттеулердің аралық нәтижелері Бакудегі Дүниежүзілік мұра комитетінің отырысында, Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде және Түркістанның өзінде талқыланған болатын », - деп қосты облыс әкімдігі.

Жобаның ғылыми жетекшісі Хазбулатов  Андрей сарапшылардың назарына алғашқы далалық маусымының нәтижелерін және Күлтөбе қалажұртының болашақтағы жоспарларын ұсынды.

«Маған бір жылдың ішінде жасалған жобалау жұмыстарының көлемі қатты әсер етті. Ашылған мәдени қабаттар бізге Күлтөбенің ауқымы мен маңыздылығын бағалауға мүмкіндік береді, бірақ бұл жерде ең бастысы - мұраға әсер етуді үнемі бағалау, сонымен қатар нысандарды  сауатты бағалау. Менің ойымша, бұл жерде ең объективті әдіс - 3D визуализацияның мүмкіндігі болып табылады»,- деді  Ұлыбритания өкілі Она Вилейкис.

Халықаралық орталық-азиялық зерттеулер институтының (МИЦАИ) директоры Дмитрий Воякин халықаралық сарапшылар тобының негізгі миссиясы- ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы Қ.А. Ясауи кесененің айналасында жүргізілген ауқымды жұмыстарға лайықты баға беру екенін атап өтті.

«Дөңгелек үстел аясында беделді халықаралық сарапшылар қауымдастығы, жоба зерттеу тобының мүшесі, белгілі сәулетші, сәулет тарихшысы және Ғылыми жобалық қалпына келтіру институтының (Өзбекстан) ғылыми қызметкері - Владимир Артемьев ұсынған  Күлтөбе қалажұртының археологиялық нысандарын ғылыми қалпына келтіру бойынша жұмыс жобаларын талқылады», - деп хабарламада айтылды.

Күлтөбе ежелгі қалажұрты Ясы қаласының ежелгі бөлігі болғандықтан, ЮНЕСКО сарапшылары консервациялауға және жартылай қалпына келтіруге жататын нысандарды ұсынуды талқылауға ерекше назар аударды.

«Жалпы, ғылыми жұмыстардың нәтижелері мен Күлтөбе археологиялық құрылысының болашақ жоспарлары халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. Сарапшылар ұсынылған зерттеулердің жоғары сапасын және олардың әлеуетін атап өтті. Болашақта осы талқылаудың нәтижелері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра ескерткішіне әсерін бағалау жалпы сарапшылар есебіне енгізілетін болады», - деп қорытындылады облыс әкімдігі.

Жарияланған күні: 09.04.2020

Көрулер саны: 1085