НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ- Ғалымдар ежелгі Күлтөбе қалажұртының кірес тәрізді ғибадатханасы туралы жаңа мәліметтер анықтады. Сәулетті зерттеулерінің жаңа деректері және ғибадатхананың жоспарлау шешімдері ежелгі Наурыз мейрамы туралы біздің түсінігімізді одан әрі тереңдететі және кеңейтеді, деп БАҚ ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты (ҚазҒЗМИ) Eurasian Resources Group (ERG) корпоративтік қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асыратын «Күлтөбе қалажұртының тарихи орындарын қалпына келтіру» ауқымды жобасы аясында бірегей ашық аспан астында «Күлтөбе қонысы» археологиялық паркі құрылуда.
Кейінірек әйгілі қала айнала салынған парктің сәулет маржаны- сармат-қаңлы кезеңіне ( б.з.д I ғ. – б.з. I ғ.) жататын кірес тәрізді зороастырлық ғибадатханасы болды. Мұнда ежелгі адамдар Күнге табынуға арналған түрлі салттар мен рәсімдерді өткізген. Оның толықтай зерттелуі және сәулетті-жоспарлық шешімдер алдын ала айтылған гипотезаларды растады, -деп баяндады жобаның ғылыми жетекшісі Андрей Хазбулатов.
Күлтөбе археологиялық құрылыстарын қалпына келтіру жөніндегі ғылыми кеңесші, белгілі сәулетші В.И. Артемьевте осы тақырып туралы толығырақ баяндады.
«Егер сіз наурыз айында түн ортасында жұлдызды аспанға қарайтын болсаңыз, онда аспан биігінде Арыстан жүрегі немесе Регулус деп аталатын ортасында жарқыраған жұлдызы бар әдемі Арыстан шоқжұлдызын көресіз. Бұл құбылысты бұрыннан ежелгі астрономдар күрделі мифологиялық формаларда зерттеді. Шынында да, өз олжасын жалмаған Арыстан ежелгі Месопотамиядан Қытайға дейін, Орталық Азияның халықтарына да -далалық жұмыстардың жаңа циклі кезінде әйгілі мотив болған. Бүгінгі таңда бұл сюжетке молшылық пен көктемгі құнарлылық идеясы салынғанын түсіну қиын. Біздің аумақтың ең ежелгі Навруз немесе қазақша атауы Наурыз мейрамына арналған...- дейді ғалым.
Оның сөзі бойынша, бұл астрологиялық құбылыс Күлтөбелік ғибадатхананың архитекторлық жоспарлау шешімінде ең бастысы болды. Осы жерде зороастрылық ғибадатхананың тағы да бір астро-ерекшелігі анықталды, яғни басты ғибадатхана шығысқа, Наурыздың күн мен түнге теңелу нүктесіне- Күлтөбеге бағыталған!
«Алтыбұрышты пішінді рабаттың пайда болуына ретроспективті талдау жасау - жердің гео-ерекшелігімен байланысты ерекше құбылыс», - дейді Владимир Иванович.
Мұны алдымен «крес ғибадатханасын» ашқан, белгілі қазақстандық археолог Е.Смағұлов атап өткен, ол осы ерекше құрылыстың әмбебаптығына бірден назар аударған.
Оның айтуынша, мұндай ғимараттар Орта Азияның бүкіл аумақтарында және б.з.д. бірінші дәуірден б.з. 7 ғ. мұсылмандық уақытқа дейін кездескен.
Қазба жұмыстары кезінде бір ерекшелік ашылды: бұл ғимараттың қожайындары барлық бөлмелерін сырт көзден жасырған және арнайы кірпішпен қаланғандықтан біз оларды табу қыйын болды. Бұл осы үй-жайлардың ерекше тазалығы мен қасиеттілігін, олардың діни мақсатта қолданылғанын көрсетеді.
«Сонымен қатар, «кіреске » қуатты қорғаныс жүйесі бар төрт мұнаралы қамал орнатылған, содан кейін бүкіл аумақ алтыбұрышты рабат түріндегі қабырғаға айналғпн, бұрыштарында 6 мұнарасы болған. Осылай тек Арнайы ғибадатананы мұқият күзетуге болады », - дейді археолог Айсұлу Ержігітова.
Ғибадатхананың «кіресі» орталық осінде шығысқа, көктемнің нүктелік теңесуіне бағытталған. Ғибадатхананың басты мақсаты - жаңа жылдың басталу күнін, жаңа дала маусымын, егінді өсіру мен жинаудың жаңа циклын, яғни Күлтөбе төңірегінде орналасқан қауымның болашақта бай болуында. «Кірестің» негізгі ғимараты - ұзын тар ғибадатхана, оның ортасында «мәңгілік алау» бар құрбандық шалатын орын болған. Әр жыл дәл 21 наурыз күні, күн сәулесі ғибадатхананың шығыс қабырғасындағы тар тесіктен өтіп, бірнеше минут алтарьға жарық түсіріледі. Діни қызметкер мен оның қызметшілері дәл осы сәтті күтіп, мерекенің және дала жұмыстарының басталуын жариялаған Осылай ежелгі адамдардың рухани іс-әрекеттері приктикалық, қажеттілікпен үйлескен», - деп атап өтті В. Артемьев.
Жалпы, Наурызбен бірге отырықшы ғана емес, сонымен бірге көшпелі халықтардың арасында табиғаттың оянуымен бірге құнарлылыққа деген үміт пайда болған. Сонымен, пайдалы және ең маңызды міндет –егіншілерде дақылдарды егіп, жинау, ал көшпенділер арасында - малды сақтау және көбейту көктемгі рәсімдер мен салттардың үйлесімді циклінде көрініс тапты. Құнарлы табиғат күштерін оятудың әдет-ғұрыптық механизмерін түсіну іргелі негіз болған. Осы тұрғыдан алғанда, Күлтөбе ғибадатханасы - Наурыз мерекесінің Қазақстан болмысында атап өтілуінің ең алғашқы және ең көне материалдық дәлелі», - деп түйіндеді өнертанушы Сұлтанова Мадина.
Ғалымдар көктемгі күн мен түннің теңесуі - Наурызмен байланысты табиғат пен ғалам туралы ең ежелгі идеяларды түсіну де айтарылқтай маңызды болатын Күлтөбе қалажұрты бойынша әрі қарайғы зерттеулерді кең пәнаралық тәсілге сүйене отырып жалғастырады.
Жарияланған күні: 09.04.2020
Көрулер саны: 1151