• Ғалымдар - күлтөбе қалажұртында еуропоидттан моңғолоидқа дейін әртүрлі этникалық топтар тұрған.

Ғалымдар - күлтөбе қалажұртында еуропоидттан моңғолоидқа дейін әртүрлі этникалық топтар тұрған.

«Күлтөбе қалажұртының тарихи орындарын қалпына келтіру» ауқымды жобасы аясында жүргізілген 2019 жылғы археологиялық маусымда алынған остеологиялық ақпараттарға алғашқы антропологиялық талдау Түркістан агломерациясының этникалық және мәдени әртүрлілігін зерттеудегі жаңа ғылыми міндеттерді айқындады.

Жобаны Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ЖШС (ҚазҒЗМИ) ERG қаржылық қолдауымен жүзеге асырады, ал антропологиялық зерттеулерді «Anthropos» (Алматы) жүргізеді.  Қазба жұмыстары кезінде табылған  ежелгі антропологиялық материалдар- бас сүйектер, посткраниальды қаңқалар, сынған сүйек қалдықтары және т.б. әртүрлі деңгейде сақталған. Бұл материалдардың хронологиялық кезеңі XII-XVI ғасырлар аралығында. Күлтөбе орнынан табылған адамның қалдықтарына мұндай жүйелі зерттеу алғаш рет жүргізіліп жатқанына назар аудару керек. Бұған дейін Күлтөбе тұрғындарының этникалық құрамы және басқа да антропологиялық көрсеткіштері Ясының ежелгі бөлігі ретінде ешқашан ғылыми зерттеулердің нысанына айналған емес. Полеантропологиялық зерттеулер нәтижелері  130 ден астам индивидтерге жасалған сараптамалардан тұрады. «Мың жылдай бұрын өмір сүрген осы адамдардың қалдықтары Күлтөбеде европоидтардан бастап моңғолоидтық белгілері бар әртүрлі этникалық топтар  тұрғанын зерттеулео көрсетті»,- деді М. Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік  Универсиеттінің Республикалық физикалық антропология лабараториясының меңгерушісі Саипов Амангелді.  Күлтөбе қалажұртынан табылылған олжаларға антропологиялық зерттеулерге белгілі отандық антрополог, қазақстандық антропология мектебінің негізін салушы, тарихи ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, профессор Исмагулов Оразақ басшылығымен жүргізілді. Қаңқа қалдықтарымен жұмыс мамандардың айтуынша сүйектерді және оның фрагменттерін антропологиялық қалпына келтірумен қиындатылды. Кейбір жағдайларда одан әрі бұзылудан қорғау үшін нашар күйдегі сүйектер мен сынықтардың желіммен бекіту (сақтау) қажет болғанымен ауыр зерттеулер көп ұзамай-ақ нәтиже берді. «Күлтөбеде  әртүрлі нәсілдік, сонымен қатар аралас жиынтығы бар антропологиялық типтегі адамдар  тұрғандықтан біз шын мәнісінде бірігей көрініске ие болдық. Бұл  кең мағынада аймақтың этномәдени қоғамдастықтың ортақ тұжырымдамасымен үйлеседі»,- деп констатациялады академик Исмагулов Оразақ. Күлтөбе қалажұртынан остеологиялық материалдарды алғашқы антропологиялық сараптамасы жалпы Қазақстан антропологиялық ғылымының фактологиялық базасын толықтырады. «Сонымен қатар, ежелгі адамдардың сүйектерін тек жерлеуде ғана емес, қоныс құрылыстарында да егжей-тегжейлі және жан-жақты зерттеу барысында кездесетін көптеген антропологиялық, археологиялық ғана емес, алыс және біздің заманымызға жақын тарихи кезеңдерде табиғи-тарихи және тарихи-мәдени проблемалардың құпиясын ашады»,- деп антрополог Исмагулов  Айнагүл басып айтты. Мамандардың пікірінше, антропологтардың зерттеулері археология, тарих, мәдениеттану және өнер тарихы сияқты гуманитарлық ғылымдардың көкжиегін кеңейтеді, өйткені олар дәуірлер сабақтастығы, мәдени, этномәдени, әлеуметтік-экономикалық және Күлтөбенің ежелгі тұрғындарының өмірі туралы заманауи идеяларды қалыптастырады және нақтылайды. «ҚазҒЗМИ-нің тапсырмасымен «Anthropos» ЖШС жүргізген антропологиялық зерттеулердің деректері Күлтөбеде пайда болған ғылыми мәліметтер базасына маңызды үлес болып табылады. Болашақта бұл ақпарат жаңа ашылулар үшін құнды көмек болатынына сенімдімін», - деп түйіндеді жобаның ғылыми жетекшісі Хазбулатов Андрей. Антропологтар бір өлшемді және көп өлшемді статистикалық талдауларға негізделген Күлтөбе қалажұртында бұрынғы тарихи кезеңдердің палеоантропологиялық қатарларын одан әрі зерделеуді жалғастырады. Бұл Түркістанның жалпы тарихи-археологиялық көрінісіне айтарлықтай әсер етеді, бұл өз кезегінде бүкіл Орта Азия аймағының мәдени-тарихи ландшафтын ауқымды түрде қалпына келтіруге маңызды қадам болады.

Жарияланған күні: 14.01.2020

Көрулер саны: 1071