Янсен Майкл

Инженерлік ғылымдарының докторы, профессор, ЮНЕСКО және ИКОМОС аға сарапшысы, Археологиялық парктер маманы, Германия

«Күлтөбе қалажұртының тарихи орындарын қалпына келтіру» жобасы бойынша ғылыми кеңесші

Археология және археологиялық парктерді ұйымдастыру саласындағы танымал маман, тарихи және мәдени мұраны сақтау саласындағы сарапшы.

Профессор Янсен археологиялық және мәдени мұраны сақтау бойынша ИКОМОС семинарларының ұйымдастырушысы болып табылады.

2019 жылы профессор Үнді өркениетін археологиялық зерттеудегі еңбегі үшін ХилалиИмтиаз Жарты Ай медалімен марапатталды.

Ол мәдени ескерткіштерді белсенді түрде сақтау жобаларында үлкен тәжірибеге ие. Пәкістан, Үндістан, Қырғызстан, Қазақстан және басқа да көптеген елдердің ежелгі қалаларының археологиялық ескерткіштерін сақтау бойынша кеңесші болып табылады.

2019 жылдан бастап «Күлтөбе қалажұртының тарихи орындарын қалпына келтіру» жобасының ғылыми кеңесшісі.

Оның 200-ден астам жарияланымдары бар, оның қазіргі ғылыми қызығушылықтары қалаларды, ежелгі өркениеттерді, мұраларды басқару және мәдениеттануды қамтиды.