XIX – ХХ ғғ. басындағы төселген көшелер бөлігі

Түркістан аксометрикалық жоспарына және архивті суреттерге сәйкес қалада бекініс қабырғасы, алты қалалық қақпалар болған. Ал, толқын тәрізді көшелер қалалық аймақты бірнеше бөліктерге бөлген. Тұрғын үйлер және өндірістік бөлмелер  бір-біріне жалғасатын, көшелер бойымен орналасқан тегіс қамыс шатырлармен шикі кірпіштерден жасалған.  XIX – ХХ ғғ.басына жататынәр түрлі деңгейде сақталған қаланған көшелер бөліктері археологтармен 2019 жылы Күлтөбе қалажұртында табылған.  Барлық күлтөбелік жолдар күлмен араласқан тапталған құмнан жасалған. Жолдардың екі жағында жүргізілген жөндеулер  жолдарды біраз уақытта пайдаланғанның дәлелі болады.

Ені 9 м болатын дүкендер және әр түрлі тауарлар өндіретін шеберханалар орналасқан күлтөбелік сауда көшелері ерекше қызығушылық тудырады.  Жазба деректері бойынша түркістандық дүкендер қыш шрабақтармен ұсталған ашық шатырлар түрінде болған. Ал, көшелер тар және қараңғы болған. Әдеттегідей  көшелер соңында қатты ыстықта салқындату үшін ақ кенеп мата тартылған.

Күлтөбелік қаланған көшелер бөліктері ежелгі Түркістанның топографиясының көптеген детальдарын анықтауға көмектеседі.