XVI-XIX ғғ. хамам-моншасы

Монша 7 бөлмеден тұрады, олардың 4-уі оңтүстік бөлігінде орналасқан от жағу камерасымен еден астымен өткен жылыту жүйесі арқылы байланыстырылған. Ғимарат оңтүстік-батыс бұрышында шағын шаршы жиегі бар, жобасында тікбұрышты болып келген. Ғимарат төртбұрышты және шаршы күйген кірпіштен және де өңделмеген кірпештен салынған. Хамам моншасының солтүстік бөлігінде кең көлемді, тікбұрышты және ағаш бағаналарының тастарымен белгілінген ұзын дәлізі бар салқын бөлмесі орналасқан. Бөлменің оңтүстік қабырғасында, едендері күйдірілген кірпішпен төселген 4 жылыту жүйесі бар бөлмелерге өтетін кіре-берісі бар.

№ 4 бөлменінің солтүстігінде көлемді суқойма орналасқан. № 3 бөлмесінің оңтүстігінде от жағу пеші орналастырылған. Жылы бөлмелердің оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жағынан сыртқа қарай шығатын екі салқын бөлмелер қосылып салынған, олар тұрмыстық қажеттіліктер үшін қолданылуы әбден мүмкін.

Хамам моншаның оңтүстік және солтүстік-шығыс жағынан ташнау, ошақтары, пештері бар 4 ірі көлемді бөлмелермен жалғасқан. Үйлердің екеуінде оңтүстік жағынан кіші көлемді қойма ретінде пайналанған бөлмелер орналасқан.

Күлтөбенің зерттелген хамам моншасы XV-XIX ғғ. мерзімделеді.